Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды

2020 жылдың 4 сәуір 2020 12:11

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жұма күні сағат 22.30-да «Әулие - Ата» халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонды. Оның бортында 106 адам, оның ішінде 91 Қазақстан азаматы және 15 Қырғызстан азаматы болды ,-деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды. Қауіпсіздік мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты.

Тікелей ұшу жолағынан келгендердің барлығы автобустарға отырғызылды. Медициналық және полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен олар карантиндік стационарға жеткізіліп, жатқызылды. Дене қызуларының көтерілуіне байланысты ҚР екі азаматы провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушылардан талдаулар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Теріс нәтиже болған жағдайда оларды тұрғылықты жері бойынша 14 күндік үй карантиніне алынады.

Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заттары, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өтті.

Ал, Қырғызстан Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз Отанына жөнелтілді.


Жоғары қарай