Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда «Жамбыл – менің жай атым, халық - менің шын атым» атты республикалық айтыс өтуде

2021 жылдың 26 ақпан 2021 14:07

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына орай республикалық айтыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі шаралар таңертеңмен ақынның Тараздағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Оған облыс әкімі, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының майталмандары қатысты.

Бұдан соң «Баласағұн» орталық концерт залында «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс басталды. Сөз барымтасына барлығы еліміздің әр өңірінен 20 ақын 10 жұп бойынша қатысуда. Сөз сайыс онлайн форматта өтуде.

Алғашқы жұп болып жамбылдық Айтмұханбет Исақов пен қостанайлық айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев шаппа-шапқа түсті.




Айтысты ақын, еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жүрсін Ерман жүргізуде. Қазылар қатарындағы Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай бар. Сондай-ақ айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Халиолла, журналист, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт және айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков сөз сайысқа баға беруде.




«Биылғы жылы алдымызда бірқатар міндеттер тұр. Оның бастысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өту. Аса көрнекті тұлғалардың мерейтойлары мен атаулы күндер – азаматтардың ұлттық және тарихи өзіндік санасының дамуына елеулі ықпал ететін қоғамның мәдени өмірінің маңызды бөлігі»,- деді oблыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева.











Жоғары қарай