Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда жоғалған 15 жасар оқушы Алматыдан табылды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 19:23

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер бір тәулік ішінде жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының полиция басқармасына 1969 жылы туған азаматша жүгініп, кәмелетке толмаған 15 жасар ұлы Жәнібек Жүзбайдың із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан.

Ұлы таңертең үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.

Аталған дерек бойынша Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл тергеу бастаған.

Өйткені полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімнің көзі көрмейтін екінші топтағы мүгедек екенін анықтады.

«Жәнібекті іздеуге қалалық және аудандық полиция бөліністерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар, іздеу шараларына Жамбыл облысының еріктілері қосылды. Бір тәуліктен кейін Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған Ж.Жүзбайдың Алматы қаласында екенін анықтады. Қазіргі уақытта жасөспірім үйіне аман-есен оралды» делінген ведомство хабарламасында.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Оқиға, Жамбыл облысы, Алматы,
Жоғары қарай