Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тараздағы өрт: 5 адам  құтқарылып, 25- і эвакуацияланды

2021 жылдың 18 маусым 2021 00:15

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында болған өрттен бес адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 сағат 41 минутта Тараз қаласында 9 шағынаудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтердің бірі өртенген.

Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерден үш иінді саты көмегімен 5 адамды құтқарды. Олардың ішінде төртеуі бала. Сондай-ақ баспалдақ арқылы 25 адам, оның ішінде он бала қауіпсіз орынға көшірілді.




Өрт 20 сағат 5 минутта ауыздықталып, 20 сағат 7 минутта жойылған. Жедел жәрдем бригадасы өрт оқиғасы орнынан 6 адамды емдеу мекемесіне жеткізді. Олардың ішінде екі адам күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар - 1949 және 1979 жылдары туған азаматтар. Ал өзгелері медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 30 өрт сөндіруші мен 7 техника жұмылдырылды.





Жоғары қарай