Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі

2020 жылдың 14 тамыз 2020 16:32

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Тараз-Арена» спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беру ұсынылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты»,- делінген хабарламада.

Нысанды қайта атау жөніндегі ұсыныс Республикалық ономастика комиссияның қарауына жолданады.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердлов ауданы (Байзақ ауданы) Чапаев кеңшарында (Қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.




Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальға ие болған қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерімен марапатталған.

2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы «Жақсылық» көркем фильмі түсірілді.

Ж.Үшкемпіров 2020 жылдың 2 тамызында дүниеден озды.


Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Аймақ, Жамбыл облысы, Әкім,
Жоғары қарай