Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Тараздық волонтерлер тұрғындарға бауырсақ үлестірді

2020 жылдың 28 ақпан 2020 11:54

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы «Март» сауда орталығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Мейірімді жүрек» қозғалысының еріктілері 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студенттердің флешмобымен басталған акция барысында еріктілер Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық ән-биін орындап, Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты композициясын сахналады.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрермендерге өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне қатысты сұрақтар жолдап, дұрыс жауаптарға сыйлықтар үлестірді.

Одан бөлек, сауда орталығына келушілерге бауырсақ ұсынып, қазақтың ұлттық дәмінен ауыз тигізді.

Жастар арасында ұлтаралық татулықты сақтауға ықпал ету, ризашылық, алғыс туралы түсініктерін кеңейтіп, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған акцияға шамамен 1000-ға жуық адам тартылды.


Жоғары қарай