Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Таразэнергоорталық» АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылдың 9 қыркүйек 2021 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Таразэнергоорталық» АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, «Таразэнергоорталық» АҚ-ы Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау қызметтерін ұсыну бойынша енгізілген болатын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жүргізген талдау нәтижесінде, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның тарапынан бекітілген тарифтік сметаның орындалмағаны анықталды.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Жоғарыдағының негізінде,

департамент «Таразэнергоорталық» АҚ-на қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, 1600 АЕК мөлшерінде, яғни 4 667 200 (төрт миллион алтыжүз алпыс жеті мың екі жүз) теңге әкімшілік айыппұл салды.


Жоғары қарай