Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ташкент маңындағы карантин кешенінде 42 жастағы ер адам асылып қалды

2020 жылдың 22 маусым 2020 19:56

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан COVID-19 белгілері бар науқастарға арналған карантин кешенінде ер адам асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 маусымда Ташкент облысы Юкоричирчик ауданында орналасқан «Уртасарой» карантин кешенінде кондиционерге төсек жаймасының көмегімен асылып қалған 1978 жылғы Өзбекстан Республикасы Ферғана облысының тумасы табылды.

Ведомствоның мәліметінше, ол 15 маусымда Мәскеуден Ташкентке чартерлік рейспен ұшып келіп, қалған екі адаммен бірге карантин кешеніне орналастырылған. Келген кезде ол COVID-19-ға анализ тапсырған, алайда тест нәтижесін алып үлгермеген.

Ведомствода атап өткендей, қайтыс болған ер адам коронавирус жұқтырып алғанын айтып, басқа адамдармен бірге бір контейнерде жатудан бас тартқан. Кейін оны жеке бөлмеге орналастырған.

Карантин орталығында жұмыс істейтін Алмазар ауданы көпбейінді емханасы дәрігерінің айтуынша, ол тамақ ішуден бас тартып, ашулы болған.

Кейін белгілі болғандай, оның коронавирусқа тапсырған анализі теріс нәтиже көрсеткен.









Автор: Мирас Қуандықов


Басты сөздер: Өзбекстан, Оқиға,
Жоғары қарай