Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ташкентке баратын ұшақ жолаушысы 9 млн теңге алып кетпек болған

2022 жылдың 26 мамыр 2022 09:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадан Ташкентке ұшатын ұшақтың жолаушысы өзімен бірге 9 млн теңге алып кетпек болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК шеқара қызметі мен Әуежай бақылау қызметі мамандарымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан-Ташкент бағытында қатынайтын авиарейсімен ұшатын жолаушыларды кедендік бақылау жүргізгеннен кейін аталған заң бұзушылықтың жолын кескен.

«Оның қолжүгін рентген арқылы қарағаннан кейін жолаушы жүк бөліміне шақырылды. Тексеру барысында оның сөмкесінен 21 650 АҚШ доллары (9 млн теңге) анықталды. Бұл дерек бойынша әкімшілік материал толтырылды», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, ел Президентінің биылғы 14 наурыздағы Жарлығымен Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Ұлттық банк бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және шетел валютасындағы ақша құралдарын; Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және ALTYN BARYS алтынынан, КÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.



Басты сөздер: Әуежай, Қаржы, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай