Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ташкентте С5+1 форматындағы министрлер кездесуі өтеді

2020 жылдың 2 ақпан 2020 15:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 ақпан күні Ташкентте С5+1 форматындағы министрлер кездесуі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сыртқы істер министрлері мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео қатысады.

«Қазақстан С5+1 диалогы аясындағы серіктесудің аймақтық форматын белсенді түрде қолдайды. Ертең біз Ташкентте С5+1 диалогы аясында министрлер кездесуін өткізуді жоспарлап отырмыз. АҚШ-тың аймақтық жобаларға ұзақ мерзімді қатысуы Орталық Азия аймағының экономикасына инвестициялар мен технологияларды тартуды жүзеге асырады, мемлекеттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар көрші елдерге табысты экспорт жасауға мүмкіндік береді. Бұл АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиясының басым бағыттарының бірі, ол біздің аймақпен серіктестікті нығайта түседі», - дейді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР СІМ-де өткен баспасөз конференциясында.

Ертең болатын С5+1 форматындағы кездесу туралы Майк Помпео да пікір білдірді.

«C5 +1» форматындағы кездесудің лаңкестік пен экстремизм мәселелерін шешудегі ынтымақтастық саласындағы жетістіктерін атап өткім келеді. Бұл топтағы Қазақстанның көшбасшылығы алға қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Ертең болатын Ташкенттегі кездесуді асыға күтем», - деді ол.


Жоғары қарай