Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Татарстаннан ШҚО-ға тәжірибелі дәрігерлер келеді

2020 жылдың 8 шілде 2020 18:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таяуда Татарстаннан 20-дан астам тәжірибелі маман ШҚО-ға келеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстағы COVID-19 жағдайы туралы тікелей эфирде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста 82 адам, оның ішінде 51-і пневмониядан, 22-сі коронавирус және басқа да қосымша дерттен қаза тапты. Жақынын жоғалтқан отбасыларға қайғыра көңіл айтамын», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, облыста компьютерлік томография мүмкіндігі күшейтілген.

«Кезекті болдырмас үшін Өскемен, Семейдегі үш медициналық мекеме облыстағы аудандарды бөліп алып, сол аудандардан келген науқастарды қарайды. 55 электрондық рентгенді қолданатын боламыз. 277 реанимациялық орын дайындадық. Жоғары техникалық орындарда аса ауыр жағдайдағы адамдар жатады. Бүгінгі таңда науқастарға қарау үшін қосымша 148 дәрігер, 197 медбике жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта Татарстан президентімен келісімге келдік. Жақын уақытта ол жақтан 20-дан астам тәжірибелі маман ШҚО-ға біздің дәрігерлерге кеңес беруге келеді», - дейді ол.


Жоғары қарай