Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Тау-кен металлургия кешені субъектілеріне ҚҚС-ты автоматты қайтару шегі 80 пайызға ұлғаяды

2020 жылдың 19 мамыр 2020 09:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тау-кен металлургия кешені субъектілеріне қосылған құн салығын автоматты қайтару шегі 80 пайызға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, тау-кен металлургия кешенін қолдау шаралары аясында қосылған құн салығын автоматты қайтару шегі 80 пайызға дейін ұлғайтылады. Бұл жыл соңына дейінгі кезеңде 2020 жылғы 1-3 тоқсан аралығындағы салықты өтеуді жеделдетеді. Аванстық корпоративтік табыс салығының бір бөлігін келесі жылдың 10 сәуіріне ауыстыру жоспарланып отыр.

«Рентабельдігі төмен кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығын төмендетілген мөлшермен беру жедел қаралады. Сондай-ақ, «кедендік аумақта қайта өңдеу» режимі үшін кедендік бақылау рәсімі жеңілдетіледі», - деді Руслан Дәленов.

Сонымен қатар ол құжат көшірмелерін растаушы құжат ретінде пайдалануға уақытша рұқсат беру жоспарланып отырғанын айтты.




Фото: old.proektoria.online

Жоғары қарай