Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тауарға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері ауыстырылды

2020 жылдың 20 қазан 2020 14:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрінің 20202 жылғы 14 қазандағы № 1006 бұйрығымен құжаттарды енгізу мерзімі төмендегідей ауыстырылды.

2021 жылғы 1 наурыздан бастап:

этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің өндірісіне және айналымына;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге және олардың айналымына; темекі өнімдерін өндіруге және олардың айналымына; Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға;Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға;

2021 жылғы 1 мамырдан бастап:

ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген және олар бойынша ЭШФ «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазылатын тауарларға;

2021 жылғы 1 шілдеден бастап:

ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген тауарларға; таңбалауға жататын тауарларға.

Жоғары қарай