Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тәуелсіздік күніне орай елордада қандай шаралар өтеді

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 08:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарламалар, тегін экскурсиялар мен театр қойылымдары әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

11 желтоқсан

Еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнін тойлау 11 желтоқсан күні сағат 19.00-де Тәуелсіздік сарайында өтетін «Менің Отаным – Қазақстан!» концерттік бағдарламасынан басталады.

Дәл сол күні Тұңғыш Президент - Елбасы музейіне де экскурсия жасауға болады.

Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қаланың сауда орталықтары мерекеге орай сыйлықтар табыс ететіні жоспарланған.

12 желтоқсан

Өнерсүйер қауым сағат 19.00-де «Nomad City Hall» театрында өтетін поэзия кешіне қатыса алады. Шара еліміздің майталман тұлғалары С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровті еске алуға арналған.

13 желтоқсан

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында сағат 15.00-де қаланың меценаттары балақайларға арналған инватакси мен 30-дан аса сыйлықты салтанатты түрде табыстайды.

Ал кешкісін, сағат 19.00-де «Жастар» сарайында Б.Жандарбековтің «Томирис – сақ патшайымы» спектаклі сахналанады.

14 желтоқсан

Елордадағы Әскери патриоттық орталық барша тұрғындарды экскурсияға қатысуға шақырады.

Кешкі сағат 19.00-де «Астана» концерт залында мерекелік концертті тамашалауға болады.

Сондай-ақ, кешкі сағат 18.30-да «Барыс Арена» мұз айдынында «Денистің достары» мұзды шоуы өз көрермендеріне тамаша қойылым дайындады.

Қуыршақ театрының көрермендері болса 14-15 желтоқсан күндері сағат 12.00, 14.00, 16.00-де «Атамекен» спектаклін көре алады.

15 желтоқсан

Махаббат лирикасын сүйетін қауымды сағат 19.00-де «Жастар» театрының шығармашылық тобы Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклында асыға күтеді.

Сонымен қатар сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» спектаклі көрерменге жол тартады.

Елордалық балақайлар «Қазақстан» ОКЗ өтетін жаңажылдық TIME-шоуына қатыса алады.

Нұр-Сұлтанға алғаш келген қонақтарға да жағымды хабар бар. 15, 16 желтоқсан күндері екіқабатты туристік автобуспен қаланың көрікті жерлері бойынша экскурсия ұйымдастырылады.

16 желтоқсан

Бұл күні «Қазақстан» спорт сарайында жетім және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін мұзда жаппай сырғанау шарасы ұйымдастырылады. Кіру – тегін.

Сонымен қатар, 16 желтоқсан күні 100 адамға, 17 желтоқсанда 100 адамға Есіл өзенінде конькимен, квадроциклмен, «банан»-мен, баллонмен сырғанау ұйымдастыралатын болады.

17 желтоқсан

17-30 желтоқсан аралығында сағат 10.00, 12.00,14.00, 16.00-де Қуыршақ театры көрермендерді А.Салаевтың «Малефисентаның мұзды жүрегі» спектакліне асыға күтеді.

Жоғары қарай