Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздікке - 30 жыл: Маңғыстаудың Құрық ауылында алғаш рет оңалту орталығы ашылды

2021 жылдың 16 мамыр 2021 12:02

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ел игілігі үшін» жобасы аясында Қарақия ауданындағы Құрық ауылында оңалту орталығы ашылды, дем хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнда жүйке жүйесі, бел омыртқасы ауыратын, тірек-қимыл аппараты бұзылған науқастарға тегін қызмет көрсетіледі.




Ол үшін тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жіберуі қажет.

Оңалту орталығының құрылтайшысы Самат Мұқановтың айтуынша, науқастарды тұзбен, тоқпен, сумен емдеуге барлық жағдай жасалған.

Тыныс алу, қимыл-қозғалыс, массаж курстары да қарастырылған.

«Магниттік өріс», «Тұзды шахта» бөлмелері бар.




«Бізде 30-ға жуық маман қызмет етеді. Құрылғылардың дені заманауи соңғы үлгіде шыққан. Мәселен, осы уақытқа дейін жүрек-қан тамыры, жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты зақымданған науқастар басқа қалаларға қатынаса, енді ауданға қарасты ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ, осы орталыққа келіп ем алуына мүмкіндік бар. Емі қаншалықты ерте басталса, соншалықты нәтижеге қол жеткізуге болады. Мұнда әр науқастың ем алуы кезең-кезеңімен жүргізіледі»,-дейді «АксонМед» оңалту орталығының құрылтайшысы Самат Мұқанов.

Айта кетейік, алдағы уақытта кезең бойынша 250 адамға шақталған орталықтың 50 төсек-орнын балаларға беру жоспарланып отыр.








Жоғары қарай