Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәуелсіздікке 30 жыл: Шымкентте 240 жаңа автобус қалалық бағытқа шықты

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 16:14

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкентте 240 жаңа автобус қалалық бағытқа шықты. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заманауи, жайлы автобустар желдеткіштермен, бейнебақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған. Барлық стандарттарға сәйкес келеді.

Қала әкімі М. Әйтенов жаңа автобустардың халық игілігіне пайдалануға берілуі тұрғындар үшін үлкен қуаныш екенін айта келе, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Бүгінде қаланың автобус паркінде 1 мыңнан астам көлік бар. Оның шамамен 87 пайызы жаңартылған. Биыл қоғамдық көлік желісін дамыту кешенді схемасы бекітілді. Соның нәтижесінде бірқатар бағыттар оңтайландырылып, жаңа маршруттар іске қосылды.
Барлық автобустар цифрлық жүйелер және GPS қондырғылармен жабдықталған. Яғни, қосымша арқылы тұрғындар қоғамдық көліктің қозғалысы жайлы ақпарат алып, өзіне қажет автобустың қайда келе жатқанын көре алады.








Жоғары қарай