Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздікке 30 жыл: Таразда «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты  жастар форумы өтті

2021 жылдың 15 қазан 2021 10:45

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 14 қазанында Тараз қаласындағы Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығының акт залында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің

30 жылдығы аясында «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық жастар форумы өтті.

Мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы жастардың патриоттық сезімін күшейту.

Аталған іс-шараға Тәуелсіздік құрдастары, әртүрлі санаттағы жастардың белсенді өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары студенттер, жас кәсіпкерлер, ауыл жастары, волонтерлер қатысты.

Белсенді жастар, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А.Таутен, Тәуелсіздік құрдасы, Жамбыл ауданындағы «Бірлесу-Еңбек» орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Шохаев 30 жылдық кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, сәтті реформалар, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері жөнінде ойларын бөлісті.

Жамбыл облыстық филормониясының өнерпаздары, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының оқушыларынан құралған хор өз өнерлерін ұсынды.

Сонымен қатар, белсенді қоғамдық қызметі үшін 30 жылдықтың озаттары, облыстағы Тәуелсіздік құрдастары Ж.Шохаев, А.Ибраева, Б.Абдуллаева, Б.Сабеков, С.Бақтыбаева облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының алғысхаттарымен марапатталды.


Басты сөздер: Жамбыл облысы, Жастар, Тіл,
Жоғары қарай