Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәуелсіздікке 30 жыл: Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым саласындағы жетістіктер

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 14:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Құрылыс саласы экономикада жетекші орын алатыны анық. Соңғы 12 жылда (2008 жылдан 2020 жылға дейін) құрылыс жұмыстарының көлемі 2,8 есеге (1,7 трлн теңгеден 4,9 трлн теңгеге дейін) ұлғайды. Экономика салаларында әртүрлі жобаларды іске асыру құрылыс саласын дамытуда мультипликативтік әсерге негіз болды.Осы орайда Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша Тәуелсіздік жылдарында атқарылған жұмыстарға шолуды ұсынбақпыз.

Құрылыс саласының серпінді дамуының арқасында құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 3,3 есе (176 млрд теңгеден 586 млрд теңгеге дейін) ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі көлемінде (10 трлн теңге) осы сектордың үлесі 6 %-ды құрайды.

Құрылыс саласының өсу серпіні Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер», Индустриялық-инновациялық дамудың «Нұрлы жол», мемлекеттік бағдарламалары, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ауқымды инвестициялармен және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Универсиада, Астананың 20 жылдығы, Ресей-Қазақстан форумы сияқты ірі әлеуметтік-мәдени іс-шараларды іске асырумен байланысты.

Нәтижесінде, қалалардың, елді мекендердің сәулеті жақсартылды, тарихи-мәдени мұралар жаңғыртылды, көлік магистральдары ретке келтірілді, түрлі өндірістік кешендер, зауыттар, әлеуметтік және тұрғын үй нысандары салынды.

Ел тәуелсіздік алғаннан бері барлығы 169 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынды. 1,5 млн адамның тұрғын үй жағдайы жақсарды.

«Ағымдағы жылы 17 млн шаршы метр тұрғын үй (163,1 мың тұрғынжай) салу жоспарланған, биылдың он айында 11,6 млн шаршы метр (+107,9%) тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді. Елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ету бір тұрғынға шаққанда 22,6 шаршы метрге, оның ішінде қалалық жерлерде – 25 шаршы метрге, ауылдық жерлерде 19,3 шаршы метрге жетті», - деп аталып өткен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

Ауыз сумен қамту

Тұрғын үй қорын жаңарту және жаңғырту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және коммуналдық сектор объектілерін қолдау есебінен азаматтардың өмір сүруіне қолайлы орта құруға айтарлықтай мән беріледі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне елімізде халықтың 94,1 пайызы, оның ішінде қала халқының 97,5 пайызы және ауыл халқының 90,1 пайызы қамтамасыз етілді.

Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға әрі реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда 74,1 млрд теңге көзделген.

2021 жылдың қорытындысы бойынша республиканың барлық халқының 95 пайызын сумен жабдықтау қызметтерімен қамту жоспарланған, оның ішінде: қалаларда 98 %, ауылдарда - 91,8 % болады.

Жылу беру жүйесін жаңғырту

Күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер мен жылумен жабдықтау желілерінің тозуын төмендету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын төмендету мақсатында 2015-2021 жылдары 442 жобаны іске асыруға 287,4 млрд теңге бөлінді. Осы жылдар ішінде 3 520 шақырым инженерлік желі салынды және реконструкцияланды, желілердің тозуы 67 пайыздан 55 пайызға дейін төмендеді.

Мүліктің меншік иелері институттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұдан бөлек, құрылыс бизнесін жүргізуді жақсарту мақсатында қолданыстағы құрылыс нормалары оңтайландырылды және озық технологиялар мен еуропалық стандарттар енгізілді, рұқсаттар алу процестері оңайлатылды, сметалық құнын айқындаудың базистік-индекстік әдісінен ресурстық әдіске көшу жүзеге асырылды, жобаларға сараптама берілді, қазақстандық қамтудың өнімдерін қолдануға қойылатын талаптар күшейтілді.

Сонымен қатар, құрылыс саласында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр.


Жоғары қарай