Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы 30 күн бойы тойланады – министр

2021 жылдың 14 мамыр 2021 12:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің ақтық кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күнмен түйінделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде осы 30 күнде қандай шаралар өтетінін атады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің соңғы кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күн болмақ. Оның аясында мәдениет ұйымдарының күндері басталады. Күн сайын өнердің барлық жанрындағы жаңа туындылардың тұсаукесерлері өтеді. Жыл бойы өнердің үздік үлгілерін жасауға, бұқаралық спорт пен ішкі туризмді дамытуға және оларды одан әрі ілгерілетуге бағытталған идеологиялық-мазмұнды және сапалы шараларды өткізу жоспарланған», -дейді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол биыл «Ұлттық домбыра күні» ерекше аталып өтетінін, Елорда күні қарсаңында барлық өңірдің мәдениет және өнер қайраткерлері «Сәлем, елорда!» атты фестивальге қатысатынын мәлім етті.


Жоғары қарай