Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Ақмола облысында жас педагогтар форумы өтті

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 15:55

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Егемен елдің ұстазы» атты жас педагогтар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Форум жас педагогтардың педагогикалық іс-әрекет процесінде тұлғалық-бағдарлы және кәсіби өсуін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Шараға педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылып, «Тәуелсіздік жолындағы жаңа менеджер» облыстық дебат турнирінің қатысушылары, «Жарқын болашаққа бағдар» жас педагогтер байқауының сырттай кезеңінің жеңімпаздары, тәуелсіздік құрдастары, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары, спортпен, сурет салумен, қолөнермен, ән салумен және шығармашылықтың басқа да түрлерімен айналысатын жас талантты педагогтер қатысты», - деді ведомстводан.




Жас педагогтердің IV облыстық форумын өткізу аясында таныстыру алаңында форум қатысушыларының шығармашылық жұмыстары назарға ұсынылды.

Кәсіби белестерді бағындырған және шығармашылық қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізген жас педагогтар марапатталды.

Сонымен қатар, Ақмола облысының жас педагогтар одағы әнұранының тұсаукесері болып, қатысушылар жаппай орындады.















Жоғары қарай