Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қазақстандық трио Францияның бірнеше қаласында өнер көрсетеді

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 20:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Францияның ең беделді концерт залдарында классикалық музыка туындыларын қояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Франция қалаларына гастрольдік сапарға шықпақшы. Қазақстандық ұжым 15 желтоқсанда Сortot сахнасында, 16 желтоқсанда Мюлуздегі Theatre de la sinne сахнасында, 17 желтоқсанда Нансидегі Мэрия сарайында және 22 желтоқсанда Лиондағы «Моliere» залында концерт береді.

«Еуропа тыңдармандарына қазақстандық композиторлардың шығармалары мен Батыстың классикалық музыкасынан таңдаулы туындылар ұсынылады», - дейді ұйымдастырушылар.

«FORTE TRIO» пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиевтің жетекшілігімен өнер көрсететін ең танымал қазақстандық камералық-аспаптық ансамбль болып саналады. Музыканттар үштігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымның құрамында жұмыс істейді.

Жоғары қарай