Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке композициялық мүсін орнатылды

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 18:01

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсіні ашылды. Сондай-ақ, қоғам қайраткерінің өмір жолын баяндайтын «Дара» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Композициялық мүсіннің ашылуына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов көпшілікті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

– Ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің мәдениет министрлігінде жауапты қызмет атқарған жылдары елімізде 400-ге жуық археологиялық нысан қалпына келтірілгенін жақсы білеміз. Тарихымызды тану үшін үлкен өзгерістер жасалды. Бұл Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт қайраткері, отаншыл азамат ретіндегі тұлғасын көрсетеді, – деді қала әкімі.







Шымкент қаласының орталық саябағына орнатылған шағын сәулет мүсіні Ө.Жәнібековтің 90 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Ондағы мақсат – ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз арқылы жаңа ұрпақ тәрбиелеуде Өзбекәлі Жәнібековтің биік тұлғасын дәріптеу.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында қоғам қайраткерінің өмір жолын баяндайтын «Дара» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Фильмде қайраткердің өмірлік позициясы, ұлттық идеологияның негізін қалаудағы ой-пікір ұстанымы, қазақтың өмір-салты мен болмыс-бітімі, дүниетанымын түбегейлі зерттеп, қайта жаңғырту жолындағы ізденістері және басқа көптеген еңбектері көрсетіледі.

Жиналған көпшілік фильмді тамашалап, Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығының жұмыс барысымен танысты.











Жоғары қарай