Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Степногорде бірқатар нысан ашылды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 22:07

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Степногор қаласында 12 нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісінің флагманы болып табылатын Степногорде машина жасау және тау-кен химия салаларының ірі кәсіпорындары шоғырланған, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша өндіріс қарқыны да белсенді түрде дамып келеді. Жыл басынан бері олар 141,7 миллиард теңгеге тауарлық өнім өндірді.

Қала құраушы кәсіпорындардан басқа қалада жол жөндеу және аула аумақтарын абаттандыру сияқты әлеуметтік инфрақұрылымдар дамып келеді.

Қала әкімі Алпысбай Қайыржановтың айтуынша, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын дамыту жергілікті биліктің ерекше бақылауында.




«Биыл қалада көше және аулаішілік жолдар жөнделді, сондай – ақ шағын аудандардағы аулалар мен демалыс аймақтары абаттандырылды», - деп атап өтті әкім.

Қаланың кішкентай тұрғындары үшін үйлердің аулалары жөнделіп, спорттық нысандар, балалардың ойын алаңдары мен күркелер орнатылды. Онда периметр бойынша футбол және баскетбол алаңдары жабдықталған, жарықтандыру жүргізілген.

Қала тұрғындарын балалар және спорт аймақтарымен жабдықталған жаңа сквер де қуантады.

«Қала көз алдымызда өзгеріп жатқанына өте қуаныштымыз. Жыл сайын бір нәрсе салынуда, жөнделуде. Жайлы өмір сүру үшін жағдай жасалуда», - деді қала тұрғыны Бақытгүл Балтабаева.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері Степногорде 50-ден астам жоба пайдалануға берілді.





Жоғары қарай