Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Тауға шыққан туристерге жай түсіп, бірнешеуі ажал құшты

2019 жылдың 22 тамыз 2019 23:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польшаның оңтүстігіндегі Гевонт тау алабында бір топ туристі найзағай соғып, бірнешеуі ажал құшты, деп хабарлады бейсенбіде польшалық TVN24 телеарнасы. Тағы ондаған адам жараланған.

Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз.

Әдетте, күн күркіреген кезде Гевонтта болу аса қауіпті. Өйткені онда орнатылған ескерткіш металл крест найзағайды өзіне тартады.

Бейсенбі күні таңы мезгілде мұнда күн ашық болған. Ешкім аяқ астынан бұлт түнеріп, найзағай жарқылдайтындығын білмеген де. Сондықтан бір топ турист тауға аттанған.

Гевонт – 2,7 шақырымға созылып жатқан тау алабы, Вельки Гевонт деп аталатын шыңының биіктігі 1894 метр.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай