Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тайваньда өрт салдарынан 9 адам қаза тауып, 44 адам жарақат алды

2021 жылдың 14 қазан 2021 12:13

ТАЙБЭЙ. ҚазАқпарат – Тайваньда 13 қабатты ғимаратта болған өрт салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 44 адам жарақат алды, деп хабарлады ҚазАқпарат аралдың АР ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ғимарат түнгі сағат 3 шамасында өртенді, деп хабарлады Наосюн қаласының өрт қызметкерлері. Бейсенбі күні таңертең өрт сөндірушілер іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.

Өрт сөндірілді. Жалын салдарынан ғимараттың көп қабаты қатты зардап шеккен.

Оттың тұтану себебі әзірге белгісіз.

Ғимараттың салынғанына 40 жыл болғаны атап өтілуде. Оның төменгі қабаттарында дүкендер, ал жоғарыда – пәтерлер орналасқан. БАҚ мәліметінше, ғимаратта 100-ден астам адам тұрып жатты.


Жоғары қарай