Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

#Tazaalmaty экологиялық акциясы Көкжайлау шатқалынан басталады

2019 жылдың 25 шілде 2019 19:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған жалпы республикалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына үн қосып, #TazaAlmaty қала кеңістігін тазарту бойынша жалпықалалық акцияны жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазарту бойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды.

Челленджге қатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады.

Акцияның мақсаты – мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.

Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty акциясы аясында аудандардың ластанған аумақтары тазаратын болады.

Экологиялық акцияға ниет білдірген барлық қалалықтар шақырылады.

Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай