Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәжікстанда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер туралы заң қабылданады

2020 жылдың 21 қазан 2020 15:08

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Тәжікстан Республикасының заңнамасына «Қашықтан жұмыс істеу» ұғымы енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тәжікстанның «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

19 қазанда Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли (парламенттің төменгі палатасы) кеңесінің кезекті отырысы өтіп, депутаттар «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы» заңға түзетулер енгізді. Онда заңға «Қашықтан жұмыс істеу» ұғымын енгізу туралы шешім қабылданды.

Осының негізінде «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы» заңының 1-бабына жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбеккер жұмыс орнынан тыс жерде қызмет атқаруға болатынын реттейтін жаңа абзац қосылды.

Түзетулерге сәйкес, өз қызметін қашықтан жүзеге асыратын азаматтар жұмыс орнына барып, еңбек етіп жүрген қызметкерлер сияқты тең құқыққа ие болады. Ал олардың жұмысына байланысты туындаған мәселелер Тәжікстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.



Жоғары қарай