Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Тбилисиде көлікке газ құю стансысында жарылыс болды

2020 жылдың 2 маусым 2020 09:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тбилиси қаласының Элгуджи Амашукели көшесінде, Нуцубидзе үстіртінде, көлікке газ құю стансысында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsgeorgia.ge сайтына сілтемемен.

Грузия ІІМ Төтенше жағдайлар басқармасы қызметінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан бір адам дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жүрген Тбилиси қаласы ТЖ қызметі басқармасының басшысы Отар Кереселидзе тілшілерге зардап шеккен ер адамның орта дәрежедегі дене жарақаттарын алғанын хабарлады.

Жарылыс толқыны көлікке газ құю стансысының жанында орналасқан үйлер мен ғимараттардың шыныларын сындырған. Сондай-ақ, оқиға орнында өрт шығып, оны сөндіруге алты өрт сөндіру-құтқару тобы жұмылдырылған. Оқиғаның себебі анықталған жоқ.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай