Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ТДМ-2030: БАҚ арасында байқау жарияланды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 22:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұқаралық ақпарат құралдары арасында «ТДМ – 2030: Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі» атты республикалық конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп өткізетін конкурс - газеттегі үздік мақала, интернет желілеріндегі үздік мақала, үздік радиобағдарлама, үздік телебағдарлама, үздік телесюжет аталымдары бойынша өткізіледі.

Байқау мақсаты - тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ-2030) іске асыруды жария етуге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты ТДМ-2030 міндеттері мен индикаторларына қол жеткізуіне азаматтық қоғамның кең топтарының қатысуы.

Байқауға 2020 жылғы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады. Материалдар ұйымдастырушылардың www.greenkaz.org сайтында қабылданады.

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі биылғы 7-8 қарашада өтеді.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай