Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Текеліде үш жігіт қараусыз қалған шахтада көз жұмды

2019 жылдың 24 наурыз 2019 16:07 2901

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жігіт шахтада қайтыс болды. Марқұмдардың денесі қараусыз қалған кен орнынан шығарылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Оқиғаны растаймыз. Қайғылы жағдай бүгін болды. 25-26 жастағы жігіттер Талдықорған қаласының тұрғындары болып шықты. Олар Текелі тауларына  қыдырып келіп, қызығушылықпен шахтаға кірген. Бұл шахталар жұмыс істемейді.  Нақты жігіттердің өліміне не себеп болғанын арнайы құзырлы органдар, сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев ҚазАқпарат тілшісіне.

Бастапқы болжам бойынша, үш жігіт шахтаның ішіндегі улы газға уланып көз жұмуы мүмкін.

 

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай