Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Телеарнада жастар пікір таластыратын бағдарлама ашылмақ

2021 жылдың 18 ақпан 2021 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасында жастар пікір таластыратын бағдарлама ашылмақ. Бұл жайында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «Жарасым» республикалық жастар ұйымы базасында жас көшбасшылардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер мүшелерінің, танымал блогерлердің, волонтерлердің, қайырымдылық ұйымдары өкілдерінің, журналистер мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жас буынды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылауға арналған «Жалынды жастар» пікірталас алаңын құруды ұсындық», - деді ол ҚХА депутаттық тобының Ассамблеяның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелерімен кездесуі барысында.

Оның атап өтуінше, бұл бастамаға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қолдау білдірген.

«Хабар» телеарнасында арнаулы бағдарлама жасау мүмкіндігін пысықтайтын боламыз», - деді Еркін Үйсімбаев.


Жоғары қарай