Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Телемедицина орталығы арқылы 5 мыңнан астам алматылық кеңес алды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 13:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2020 жылдың қарашасынан бастап коронавирустың жаңа толқынына дайындық аясында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен іске қосылған Телемедицина орталығынан 5 мыңнан астам адам көмек алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың негізгі міндеті - COVID-19 расталған жағдайлары бар үй карантиніндегі пациенттерді бақылау, бақылау.

Орталықта 50 қызметкер жұмыс істейді, олар халыққа тәулік бойы консультациялық көмек көрсетеді. Орталық дәрігерлері коронавирусты емдеу мәселелері бойынша бейне кеңес береді. Күніне 1200-1500 шығыс және кіріс қоңыраулары пысықталады.

«Егер бізге хабарласқан адамның коронавирустық инфекцияға тән белгілері үштен көп болса, біз оларды саралаймыз, төлқұжат мәліметтерін жинаймыз. Кейін аумақтылығы бойынша тексеру және ПТР-тестілеу жүргізетін мобильді бригаданы жібереміз. Нәтижесі оң болып шыққан жағдайда мамандар тексереді және ауруханаға жатқызу немесе амбулаторлық деңгейде емдеу мәселесі шешіледі. Оқшауланатындай жағдайы болмаса, инфекциялық стационарға жатқызылады, ал егер мүмкіндігі болса, адам 14 күнге оқшауланады, оның барысында ол бізде қаралады. Бізде емханаларға портал құрылды, онда бізге пациенттер туралы, олардың қанша уақыт үй карантинінде екендігі туралы барлық деректер жіберіледі», - деді Орталықтың бас менеджері Жұлдыз Бауыржанқызы.

Аумақтық емханалардың дәрігерлері пациенттерді тексеріп, ем тағайындайды. Орталық қызметкерлері осы пациенттердің жағдайына бақылау жүргізеді. Үй стационарындағы пациенттердің жағдайы нашарлаған кезде олар дереу ауруханаға жатқызылады. COVID-19 расталған жағдайлары бар пациенттер ауруханаға жатқызылғаннан кейін де мамандардың бақылауында болады.

Бұл орталықтың тағы бір функциясы - пациенттердің карантин режимін сақтауын бақылау. Орталық қызметкерлері пациенттерге үнемі бейне қоңырау шалып тұрады, олардың емделуін және үйлерінен шықпауын бақылайды. Бұл жұмыс бақылауда тұрған пациенттер арасында карантиндік режимнің бұзылуын жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда орталық мамандарының бақылауында 587 адам бар. Ашылғаннан бері барлығы 5 383 науқас бақылауда болды. Осыған дейін орталық 14 349 кіріс қоңырауына қызмет көрсетті.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай