Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Темекі тұқылын ойын алаңына тастаған: Қарасайда әкімдік қызметкеріне қатысты тексеріс басталды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 17:25

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманы желі қолданушылардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіге тараған видеодан тұрғындардың ер азаматқа шағымын айтып, наразылық білдіріп жатқанын көруге болады. Сол сәтте темегі шегіп тұрған ол темекі тұқылын жерге лақтыра салады.

Тұрғынның бірі оның әрекетіне ашуланып, «балалар алаңына темекі тұқылын лақтырып, этиканы сақтамадың» деп шүйлігеді.

Бейәдеп қылық көрсеткен адам Қарасай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы болып шықты.

Енді мемлекеттік қызметкерге қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.

«Осы факті бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады» деп жауап берді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.



Жоғары қарай