Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміртауда түнгі клубтағылар жертөлеге жасырынған

2020 жылдың 18 қазан 2020 00:18

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Мобильді топ мүшелері Теміртау қаласында түнде көңіл көтеру орындары жұмысын тоқтатпағанын анықтады. Есігін іштен іліп алған «Iq pub» дискотекасына шамамен 50 адам жиналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекеме әкімшілігі есікті ашуды талап еткенде жауап бермеген. Біраз уақыттан кейін іштегілерді ғимараттың жертөлесіне жасырып, полиция мен санитарлық қызмет өкілдеріне есік ашқан.

Клуб иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Теміртау қалалық сотына жіберіледі. Түнгі уақытта дискотека ұйымдастырған карантин бұзушыға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады.





Жоғары қарай