Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып көз жұмды

2021 жылдың 21 қазан 2021 23:19

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат –Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға 21 қазан түнгі сағат 01.30 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.


Жоғары қарай