Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміртаудағы жағдай: Үйлерге жылу беріле бастады

2021 жылдың 27 ақпан 2021 13:41

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұрғындардың үйлеріне жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәтерлердегі орташа температура 19-21 градусты құрайды. «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 бес қазандықты да іске қосты.

Қарағанды облысының әкімдігі температура әлі де нормадан төмен болып отырған үйлердің тұрғындарына мәселені анықтау үшін жедел желі нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

- әкімдіктің диспетчерлік бөлімі - 44-43-22;

- «Оқжетпес - Т» диспетчерлік бөлімі - 98-06-66.

Естеріңізге сала кетейік, Теміртау қаласында 3 қазандықтың авариялық тоқтауы болған еді. Соның салдарынан пәтерлерде температура нормадан төмен түсіп кетті.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осы жағдай бойынша кеңес өткізіп, облыс прокуратурасына, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен энергобақылауға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы биыл ЖЭО-2-де 7-ші қазандықтың құрылысын аяқтауды тапсырды.


Жоғары қарай