Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміртаудан шығарылатын қалдықтың 87 пайызы «АрселорМиттал»-ға тиесілі – Экология министрлігі

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Теміртау қаласынан шығарылатын қалдықтың 87 пайызы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатына тиесілі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Теміртау қаласынан өткен жылы шығарылған қалдықтардың көлемі 212 мың тоннаны құрады. Қала атмосферасын негізгі ластаушы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинаты. Оның үлесіне қала бойынша зиянды қалдықтың 87% - ы және облыс бойынша 40% -ы тиесілі. Қарағанды облысына арналған экологиялық жол картасына сәйкес Теміртаудағы жағдайды оңалтуға 28 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде 22 тармақ бойынша орындауды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өз міндетіне алады», - деді З. Жолдасов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, комитет басшысының сөзіне сенсек, аталған компания екіжақты меморандум аясында атмосфераны ластауды 30% - ға азайтуға міндетті және қала маңына 500 мың ағаш отырғызу керек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласынан өткен жылы 113 мың тонна түрлі деңгейдегі қалдық шығарылған.

Фото: saigez.kz


Жоғары қарай