Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміртаулықтар қыста жылусыз қалуы мүмкін

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теміртау қаласын жылумен жабдықтауда тапшылық орын алуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды облысының әкімдігіне Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен бірлесіп, Теміртау қаласында күзгі-қысқы кезеңнің өтуін ерекше бақылауда ұстау қажет. «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының екінші жылыту электр орталығындағы негізгі жабдықтың техникалық нашар жағдайы және жөндеудің төмен қарқыны Теміртау қаласының жылумен жабдықтау тапшылығына әкелуі мүмкін», - деді министр.

Сонымен қатар ол «BASSEL GROUP LLS» кәсіпорнының ГРЭС-1 электр станциясындағы жұмысы ерекше назар аударуды талап ететінін айтты.

Өйткені, осы жылдың басынан бастап аталған электр станциясы толық тоқтатылып, 4 апаттық ажырату орын алған.

«Энергетика министрлігіне Қарағанды облысы Шет ауданының тұтынушыларына электр энергиясын беруді және таратуды жүзеге асыратын «Шет энерго» кәсіпорны қызметіне халықтан көптеген шағым түсуде. Министрлік «Шет энерго» кәсіпорнына қатысты бақылау жұмысының нәтижесі бойынша өз құзыреті шегінде тиісті іс-шаралар қабылдады. Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігіне және Қарағанды облысының прокуратурасына табиғи монополиялар субъектісі – «Шет Энерго» кәсіпорнына ден қою іс-шараларын қабылдау жөнінде хат жолданды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Жоғары қарай