Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Теңіз кенішіндегі карантин 12 маусымға дейін созылады

2020 жылдың 29 мамыр 2020 02:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Теңіз кенішіндегі карантин мерзімі 12 маусымға дейін созылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық бас санитарлық дәрігер Темірбек Мұсағалиевтың қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес Теңіз кенішіндегі карантин 29 мамыр сағат 00:00-ден 12 маусым күнгі түнгі сағат 00:00-ге дейін созылады. Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу сақталады.

Кен орны аумағында адамдардың кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейінгі аралықта жүруі шектелген. Полиция қызметкерлері карантин шарасының сақталуын қадағалау үшін видеокамерамен қабатаралық, бөлмеаралық қозғалысты бақылайды.

Сондай-ақ, полицейлер «Оңтүстік Теңіз», «Жаңа Теңіз», «Ватернас», «Мажар қалашығы» секілді вахталық кенттерде карантиннің бұзылмауын қадағалауды жалғастырады.

Бұған дейін Теңіз кен орнындағы жұмыстың жалғасатын, сондай-ақ 27 мамырда 25 кеншінің қауіпті індеттен жазылғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай