Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннеси штатында ұшақ көлге құлап, жеті адам мерт болды

2021 жылдың 30 мамыр 2021 15:45

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Cessna C501 кішігірім ұшағы сенбі күні Теннеси штатындағы көлге құлады, жеті адам қаза тапты. Бұл туралы Резерфорд округі әкімшілігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала болжам бойынша, бортта жеті адам болған», - делінген құжатта. «Олардың барлығы өлді деп танылды», - деп атап өтті округ өкілдері.

Ұшақ Теннесиден Флорида штатына бағыт алған. Ол әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған, келеңсіз жағдайдың себебі әзірге нақтыланбай отыр. Болған оқиғаға байланысты тексеру басталды.


Басты сөздер: АҚШ, Оқиға,
Жоғары қарай