Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Алматы турнирінің ширек финалына шыққан ойыншылар анықталды

2021 жылдың 16 маусым 2021 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы челленджер турнирінің ширек финалына шыққан теннисшілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, қазақстандықтар Дмитрий Попко мен Денис Евсеев жекелей сында ширек финалдан тыс қалды.

Д.Попко екінші айналымда чилилік Марсело Томас Барриосқа 4:6, 1:6 есебімен есе жіберді. 1 сағат 8 минутқа созылған матчта Попко 10 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланып, үш эйс жасай алды.

Д.Евсеев осы доданың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартиннен 4:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша өткен аптада Алматыдағы бірінші челленджер турнирінде Тимофей Скатов финалға дейін жетсе, бұл жолы қазақстандықтар сәтсіз өнер көрсетті.

Есесіне жас теннисшілер Достанбек Ташболатов пен Бейбіт Жукаев қарсыластары кортқа шықпағандықтан, жұптық сында ширек финалға өтті. Олар жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Таймураз Габашвили – Павел Котовпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Лондон турнирін жеңіспен бастағанын, Елена Рыбакинаның Берлин жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай