Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Анна Данилина Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 11:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Францияда өткен ITF W 25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстантеннис федерациясы мәлім еткеніндей,.Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, франциялықтар Одри Алби - Лиолея Жанжанмен кездесті.

Бірінші партияда тай-брейкте корт иелері үстемдік танытты - 7:6 (9:7).

Екінші сетте екі брейк жасаған қазақстандық-украиналық жұп басымдылық көрсетті - 6:2.

Супер тай-брейкте Данилина мен Страхова жеңісті жұлып алды - 10:4.

Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында биылғы жетінші титулына қол жеткізді.

А.Данилина жекелей сында да жарысты жалғастыруда. Ол бүгін финалға шығу үшін франциялық Алиса Роббемен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің жұптық сында Киев турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай