Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Бублик жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыға алмады

2020 жылдың 17 қазан 2020 23:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Санкт-Петербург ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Америкалық Рейлли Опелкамен жұп құрған қазақстандық теннисші жартылай финалда бразилиялық Марсело Демолинер мен Нидерланды өкілі Матве Мидделкоппен күш сынасты.

Бірінші партияда бразилиялық-нидерландылық жұп бірден брейкпен алға шықты – 2:0. Сол басымдылығын сеттің аяғына дейін сақтай алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық-америкалық жұп брейк жасай білді. Соның арқасында есепті 6:3-ке жеткізді.

Тайбрейкте бразилиялық-нидерландылық жұп сәтті ойнады – 10:6.

Бәсеке 1 сағат 2 минутқа созылды.

М.Демолинер мен М.Мидделкоп финалда осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген аустриялық Юрген Мельцер мен франциялық Эдуар Роже-Вассленмен бас жүлдені сарапқа салады.

Жекелей сында финалда ресейлік Андрей Рублев пен хорватиялық Борна Чорич чемпиондық атақ үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Т.Скатов пен Ж.Құламбаеваның Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Шарм әл-Шейх қаласында өтіп жатқан додада Тимофей Скатов пен Жібек Құламбаева финалға шыға алмай қалды. Т.Скатов америкалық Феликс Корвинге 3:6, 6:4, 0:6 есебімен есе жіберді. Ал Ж.Құламбаева тайваньдық Джоанна Гарлендтен өте алмады – 3:6, 6:7 (5:7).

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай