Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 13:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 13-тен 12-орынға көтерілді.

Бұл - рекордтық көрсеткіш. Қазақстан әйелдер теннисі тарихында бұдан бұрын ешкім де мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді.

Қазақстандықтардан сондай-ақ Юлия Путинцева 43-тен 42-ге, Зарина Дияс 108-ден 104-орынға жоғарылады.

Енді олар ертең басталатын Аустралия ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетсе, рейтингте көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын, Анна Данилинаның Сидней турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай