Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде жылды ТОП-15-те аяқтады

2021 жылдың 27 желтоқсан 2021 10:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 14-орнын сақтап қалды.

Юлия Путинцева бұрынғысынша 42-інші, Зарина Дияс 102-сатыда келеді.

Көш басында үздік үштік өзгерген жоқ. Аустралиялық Эшли Барти бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші, испаниялық Гарбинье Мугуруса үшінші орында тұр.

Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, қытайлық тайбэйлік Се Су-Вей алда келеді.

Қазақстандықтардан Е.Рыбакина 50-інші, Анна Данилина 75-орнын сақтап қалса, З.Дияс 179-дан 180-ге сырғыды.

Қазақстандықтар жаңа жылдағы жарыстарды сәтті өткізсе, рейтингіде жоғарылайтыны анық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Рейтинг, Спорт,
Жоғары қарай