Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Теннис: Голубев пен Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты

2020 жылдың 12 наурыз 2020 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Голубев пен А.Недовесов ширек финалда отандастары Тимур Мәуленов және Достанбек Ташбулатовпен кездесті.

Голубев пен Недовесов небәрі 40 минутқа созылған бәсекеде 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

А.Голубев пен А.Недовесов финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко мен аустриялық Юрий Родионовпен таласады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев ресейлік Алексей Захаровпен бірге ширек финалда Нидерланд өкілдері Таллон Грикспур мен Ботик Ван де Зандшульппен шеберлік байқасуда.

Өкінішке қарай, аталмыш додада жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада ерлер арасында халықаралық турнир өтетінін жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай