Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Теннис: Кукушкин мен Бублик Аустралия чемпионатының жартылай финалына шықты

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп ширек финалда аустралиялықтар Джеймс Дакворт және Марк Полманспен күш сынасты.

М.Кукушкин жекелей сында осы біріншіліктің алғашқы айналымында М.Полмансқа есе жіберген болатын. Енді жұптық бәсекеде жолдары тоқайласты.

Бірінші партияда аустралиялықтар 5:1 есебімен алға кетіп, оңай ұтатындай көрінген. Дегенмен қазақстандықтар таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңіп кетті – 7:6 (8:6).

Екінші сет те тартысты өрбіді. Есеп 6:5 болған мезетте қазақстандықтар матчты брейкпен тәмамдады – 7:5.

Бәсеке 1 сағат 42 минутқа созылды.

М.Кукушкин мен А.Бублик финалға шығу үшін финляндиялық Хенри Континен мен германиялық Ян-Леннард Штруфф немесе америкалық Раджив Рам мен ұлыбританиялық Джо Солсбери жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Бұған дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінде жұптық сында Қазақстаннан Ярослава Шведова екі мәрте чемпион атанған болатын. Ерлер ондай табыстарымен мақтана алмайтын. Осы жолы М.Кукушкин мен А.Бублик Аустралия чемпионатында табысты өнер көрсетуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос теннисшінің шетелде өткен турнирде топ жарғанын, Федерация кубогының іріктеу матчында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездесетінін жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай