Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Теннис: Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінің үшінші айналымына шықты

2019 жылдың 17 шілде 2019 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов Нұр-Сұлтанда Президент кубогы үшін өтіп жатқан челленджер турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің бесінші, әлемнің 196-ракеткасы А.Недовесов рейтингте 365-орындағы аргентиналық Факунда Менамен кездесті.

Қазақстандық теннисші көп қиналмай, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

А.Недовесов ширек финалға шығу үшін жарыстың 10-ыншы, әлемнің 251-ракеткасы, италиялық Маттео Виоламен таласады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев екінші айналымда әлемнің 233-ракеткасы, аустриялық Лукас Мидлерден 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша ерлер арасында жекелей сында Қазақстаннан А.Недовесовтан басқа ешкім қалған жоқ.

Жұптық сында А.Недовесов пен Андрей Голубев тағы бір қазақстандық Тимур Хабибулин мен украиналық Владислав Манафовты 7:6 (7:3), 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық жұп ширек финалда ресейлік Теймураз Габашвили мен Беларусь елінің өкілі Егор Герасимовпен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Нұр-Сұлтан жарысының екінші айналымына шыққанын, сондай-ақ Александр Бубликтің Ньюпорт додасын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай