Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Нұр-Сұлтан 2 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз өтіп жатыр

2021 жылдың 1 наурыз 2021 22:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада теннистен Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 96-ыншы, осы доданың 3-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған португалиялық Фредерико Феррейра Сильвамен кортқа шықты.

Бұл ойында М.Кукушкин қарсыласына 3:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Ол бір апта бұрын да елордадағы осындай турнирде алғашқы айналымнан аса алмаған болатын.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жапониялық Татсума Итодан 4:6, 6:2, 3:6 есебімен ұтылды.

Жексенбі күні төрт бірдей қазақстандық іріктеу сайыстарында-ақ жолдан шығып қалды.

Ертең қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Дмитрий Попко өзара кездесіп, қай жеңгені екінші айналымға шығады.

Сондай-ақ Александр Недовесов жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған украиналық Владислав Манафовтың шамасын байқап көреді.

Д.Евсеев өзбекстандық аттасы Денис Истоминмен бірге жұптық сында осы доданың 1-ракеткалары, америкалықтар Джексон Уизроу – Натаниэл Лэммонспен шеберлік байқасады.

Нұр-Сұлтан 2 турнирі 7 наурызда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің рейтингіде 43-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай