Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің финалында жеңіліп қалды

2021 жылдың 13 маусым 2021 14:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов финалда әлемнің 259-ракеткасы, бельгиялық Зизу Бергспен күш сынасты.

Бұл 20 жастағы Т.Скатовтың челленджер жарыстарындағы алғашқы финалы еді.

Бірінші партия 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің еншісінде кетті.

Екіншісінде 22 жастағы З.Бергс басымдылық танытты – 6:3.

Ол үшінші, шешуші сетте де мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Финалдық бәсеке тура екі сағатқа созылды.

Қазіргі кезде Алматыда дәл осындай екінші челленджер жарысының іріктеу сайыстары өтуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Братислава турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінің финалында жеңіліп қалды.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай